ІІМ екінші ұшқыштың күзетке алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ екінші ұшқыштың күзетке алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтемемен.

«Қазіргі уақытта ол (екінші ұшқыш – ред.) ауруханада жатыр. Медициналық мекемеде полиция қызметкерлері бр, бірақ олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүр» делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі БАҚ өкілдерінен және жалпы қоғамнан нақтыланбаған ақпаратты таратпауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар