ІІМ чемпионатында қарағандылық полицейлер күміс жүлдегер атанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ қызметкерлері арасында президенттік көпсайыстан ел чемпионатында Қарағанды облысының полиция департаменті қызметкерлері екінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде ҚР құқық қорғау органдары, арнайы және күш құрылымдарының қызметкерлері арасында президенттік көпсайыс бойынша VIII республикалық ведомствоаралық спартакиада және ҚР ІІМ чемпионаты аяқталды.

Оған ҚР ІІМ, ҚР ІІМ ҚСжАЕК, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Ұлттық гвардиясы, сондай-ақ облыс полицияларының облыстық департаменттерінен 14 құрама қатысты. Көпсайысшылар үш күн бойы жауынгерлік қарудан ату, еркін стильмен жүзу, ұзындыққа секіру, граната лақтыру, қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру бойынша жарысты. Барлық қатысушылар жауынгерлік рух, шыдамдылық, күш пен жеңіске деген ерік-жігер, шапшаңдық және ептілік көрсете білді.

Спартакиада қорытындысы бойынша, ҚР ІІМ командасы 1259 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды 1133 ұпаймен ҚР Ұлттық гвардиясының командасы иеленді. 1099 ұпай жинаған ҚР ІІМ ҚСҚБ командасы үшінші орынды місе тұтты.
null

ҚР ІІМ чемпионатында полиция департаменттері командалары арасында президенттік көпсайыс бойынша Солтүстік Қазақстан облысы ПД командасы алға шықты. Екінші орынды Қарағанды облысының полиция командасы иеленді. Республикалық жарысты ұйымдастырушылар - Батыс Қазақстан облысының ПД командасы құрмет тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
null

Жеке жарыстарда төрт жас категориясында ҚР ІІМ СҚҚ қызметкерлері Дмитрий Шварц пен Темірхан Кемалов, ұлттық гвардияшы Руслан Есқалиев пен Сергей Шумков жеңімпаз атанды.
null

Жеке жарыстардағы командалар, жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, дипломдармен, «Динамо» ФСО және ҚР ІІМ сыйлықтарымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар