ІІМ бос жұмыс орындарына білікті мамандарды қабылдайды

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -ҚР Ішкі істер министрлігі бос лауазымдарға білікті мамандарды қабылдау шарасын жүзеге асырады.

Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ІІМ алдыңғы қатарлы полиция қызметтерінің кәсіби өзегін нығайту мақсатында ашық  әрі жүйелі жолмен бос лауазымды орындарға білікті мамандарды қабылдауды жүзеге асыратын болады. Ұсынылып отырған бос орындарға кандидаттардың біліктілік талаптары сай келгенде,  олар кадр резервіне енгізіліп, қажет болған жағдайда ІІМ-нің оқу орындарына жіберілетін болады. Сондықтан да, қызметке рәсімделу үшін немесе ІІМ-нің оқу орындарына оқуға түсуге қызығушылық танытатындар тұрғылықты мекенжайы бойынша полиция бөлімшелерінің кадр бөлімдеріне өтініш жасай алады», делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұндай бос орындар мен үміткерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ қызметке және оқу орындарына қабылдау тәртібі туралы ақпарат ІІМ-нің және оның аумақтық бөлімшелерінің веб-сайттарында орналастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар