ІІМ баланы соққыға жыққан әйел мен оны видеоға түсірген адамды іздестіруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Instagram әлеуметтік желісіне тараған бейнежазбадағы әйелді іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Әлеуметтік желіде тараған видеода әйел сәбиді аяғымен ішінен тепкілеп жатқаны, оны аяқ-қолынан ұстап, қабырғаға ұрғаны көрінеді. Кейін қолына пышақ алады. Мұның барлығын ер адам видеоға түсіріп тұрады. 

«Ішкі істер министрлігі Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылған бейнежазбадағы баланы соққыға жыққан әйелдің аты-жөнін анықтау үшін қажетті барлық шараны қабылдауда. Оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін аталған жайтқа қатысушының әрқайсысына жеке-жеке құқықтық баға берілетін болады», - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Әдеп және адамгершілік тұрғысынан ҚазАқпарат агенттігі видеоны жарияламайды.  

Соңғы жаңалықтар