ІІМ ауа райына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі ауа райының күрт бұзылу ықтималдылығына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша бірқатар облыста қар жауып, көк тайғақ болады. Осыған байланысты ІІМ жолда барынша абай болуды және егер ауа райы нашарлаған жағдайда көлікпен елді мекендерден тыс жерлерге шығуға шектеу қойылуы мүмкін екендігін ескертеді «, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар ІІМ жол жүру жылдамдығын және автомобильдер арасындағы ара қашықтықты барынша сақтауға кеңес береді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда алдағы күндері қар жауып, көктайғақ болатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар