ІІМ Арыстағы төтенше жағдай туралы видео жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша бір минуттық видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шағын видео жарылыстан зардап шеккен қаланың жайы туралы түсірілген. Видеода Ішкі істер министрлігінің барлық қызметкерлерінің бір күндік жалақыларын Арыс халқының қажеттілігі үшін бөлетіндігі жарияланған.

Арыстың басына түскен күн бүкіл қазақстандықтарды біріктіріп, қарапайым азаматтардан бастап мемлекеттік орган қызметкерлері, белді кәсіпкерлер өз көмектерін шама-шарқынша беріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар