ІІМ Армениядан әкелінген көлікті тіркеуді кейінге қалдырудың тиімсіздігін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуді кейінге қалдырудың тиімсіздігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейбір адамдар қазір аздап күте тұрып, Армениядан әкелінген көліктерін тамызда тіркемек екен. Бұл әрекеттің еш жемісі бола қоймас. Себебі автокөліктің иесінен сенімхатты алуға немесе басқа да құжаттарды жинауға уақыт болмай қалуы мүмкін. Екіншіден, арнайы ХҚО-ларға сол кезде жүктеме күрт өсіп, ондағы қызметкерлердің жұмыс қарқынын тежеуі ықтимал. Оның үстіне мұндай жиын эпидемиологиялық ахуал бойынша да артық қауіптерді туғызуы мүмкін», - деді ол ОКҚ-да «ҚР азаматтары Армениядан әкелген автомобильдерді тіркеу туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек бұған дейін Серік Түсіпов Армениядан әкелінген көлікті сенімхат немесе сақтандыру полисімен айдап жүрген азаматтың атына неліктен тіркеуге болмайтынын түсіндіріп берген болатын.



Соңғы жаңалықтар