+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

ІІМ антиваксер Айна Бакееваға қатысты тексеру жүргізеді

2021 жылғы 13 тамыз 18:49
Бөлісіңіз:
ІІМ антиваксер Айна Бакееваға қатысты тексеру жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі журналист Қалыбек Атжанның өліміне байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Журналист Facebook парақшасында Айна Бакеева ұсынған тыныс алу жаттығуынан кейін денсаулығының нашарлағандығын жазған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«2021 жылдың 11 тамызында қазақстандық журналист Қалыбек Атжанның 9 тамызда қайтыс болу фактісі бойынша шағым түсті. Ол 7 тамызда Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында А.Бакеева ұсынған тыныс алу жаттығуынан кейін денсаулығының нашарлағандығын хабарлаған болатын. 2011 жылдың 11 тамызында аталған шағым ІІМ Ақпараттарды тіркеу кітабына тіркелді және Қылмыстық-процестік кодекстің 181-бабы 5-тармағы тәртібімен тиісінше тексеру жүргізу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облыстық департаментіне одан ары беру мақсатында Жамбыл облыстық полиция департаментіне жіберілді», - делінген ҚР ІІМ таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Жамбыл облыстық полиция департаменті тексеруінің қорытындысында процестік шешім қабылданады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT