ІІМ Ақтауда адамдарды жерлеу фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі адамдардың жерлеу рәсіміне көптеп жиналу фактісі бойынша қызметтік тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтау қаласында жерлеу рәсіміне жұртшылықтың жаппай жиналу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды.

Белгілі болғандай, 3-17 тамыз аралығында Маңғыстау облысында аймақтың Бас мемлекеттік дәрігері қаулысының негізінде қатаң шектеу шаралары енгізілді, соның ішінде адамдардың жаппай жиналуымен өтетін іс-шараларға тыйым салынған. Өңірде қатаң шектеулер енгізілгеніне қарамастан, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің басшылығы карантин режимін бұзуға жол бермеу бойынша іс-шараларды уақытылы қолданған жоқ.

Еске сала кетсек, Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналғандығын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар