III Карл ресми түрде монарх деп жарияланды

None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Мұрагерлік кеңесі ІІІ Карлды Құрама Корольдіктің жаңа королі деп ресми түрде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Тиісті құжатқа ең алдымен тақ мұрагері ханзада Уильям, содан кейін кезек бойынша патшайым-консорт Камилла, Қауымдар палатасының көшбасшысы және Кеңестің лорд-төрағасы Пенни Мордаунт, Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс және Кентербери архиепископы қол қойды.

Рәсімін ұйымдастырушыдан басқа қатысушылардың барлығы қара немесе күлгін түсті киім киген. Бұл – қайтыс болған патшайымды жоқтау белгісі болып саналады.

Көрермендердің бірінші қатарында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрлері – Джон Мейджор, Гордон Браун, Борис Джонсон, Дэвид Камерон, Тереза Мэй және Тони Блэр болды. Олармен бірге британдық оппозиция көшбасшысы, лейбористер партиясының басшысы Кир Стармер тұрды.



Еске салсақ. Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.



Фото: bbc.com







Соңғы жаңалықтар