+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Жамбылдан 15 спортшы қатысады

2018 жылғы 29 тамыз 11:01
Бөлісіңіз:
ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Жамбылдан 15 спортшы қатысады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылдық спортшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына спорттың үш түрі бойынша қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына баратын спортшыларды 31 тамызда шығарып саламыз. Салтанатты шара «Тараз-Арена» спорт сарайында болады», - деп мәлімдеді Жамбыл облысы әкімдігінің спорт және денешынықтыру басқармасының өкілдері.

ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Шолпан ата қаласында өтеді. 37 ұлттық спорт түрінен өтетін дүбірлі додада әлемнің 80 елінен жиналған үш мыңға жуық спортшы қатысады. Қазақстаннан екі жүзге жуық спортшы барады.

Жамбылдық спортшылар Ойындардың жеті жарысында сынға түседі.

Көкпардан - Болатбек Әлімбетов, Есжан Құрманбай, Құрманбек Тұрғанбек және Мейіржан Матжан; құс салудан - Жалғас Әкімбеков пен Бақдәулет Бабажан; асық атудан - Еркебұлан Әбдіров; құнан бәйгеден - Нұрахмед Жангудеев; жамбы атудан - Жарқынай Рахымбаева және Абзал Тұрлыбеков; армрестлингтен Виталий Трубин, Оксана Письменная, Вали Фараджов, Антонина Лисянская, мас-рестлингтен - Алтын Ақылбек қатысады.

Еске салайық, Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына алғаш рет өткізілген 2014 жылдан бері қатысып келеді. Сол жолы қазақстандықтар 11 алтын, жалпы 28 медаль алып, 18 елдің арасында екінші орынды иеленген болатын. 2016 жылы ұйымдастырылған ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 63 елден мыңнан астам спортшы қатысты, олардың ішінде дәстүрлі түрде көшпенді халық саналмайтын елдер де болды. Қазақстан спорттың 22 түрінен 13 алтын, жалпы 39 медаль алып, жалпы есепте үшінші орынды қанағат еткен.

Аталмыш ойындардың жабылу салтанатында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу құқығы өзге елге беріледі. Алайда ұйымдастырушылар әзірге келесі ойындар қай мемлекетте өтетінін жария етпей отыр. Бұған дейін аталмыш шара тек Қырғызстанның аумағында ғана өткізілген. Келесі ойындарды ұйымдастыруға үміткер елдердің қатарында Қазақстан, Әзербайжан және Түркия көш бастап тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT