III Чарльз бен Англия шіркеуі арасында тәж кию рәсіміне қатысты келіспеушілік туды

None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат -Ұлыбритания королі III Чарльз бен Англия шіркеуі дінбасыларының тәж кию рәсімін қалай ұйымдастыру керектігі туралы көзқарастары әртүрлі болып шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

The Mail on Sunday газеті жексенбіде дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, монарх бұл рәсімге басқа конфессия өкілдерінің белсендірек қатысқанын қалайды және бұл мыңжылдық ұлттық дәстүрге қайшы келеді.

Басылымның хабарлауынша, Чарльз III тәж кию рәсімінің барысында мұсылмандар, индустар және еврейлер христиандармен бірге Вестминстер аббаттығындағы салтанатты рәсімде өз дұғаларын оқуға мүмкіндік алып, «әртүрлі өткенін» жақтайды. Мақалада туындаған келіспеушіліктердің салдарынан төрт апта уақыт қалған тәж кию рәсімінің регламентін жариялау кейінге шегерілгені атап өтілген.

Басылымның жазуынша, Чарльз III ұстанымы оның 30 жылдай бұрын тек англиялық емес, барлық діндердің қорғаушысы болғысы келетіні туралы сөздерін дәлелдейді.

Англия шіркеуінің рухани жетекшілері тәж кию рәсімі таза «англиялық рәсім» екенін атап өтеді. Карл III басқа дін өкілдерінің қатысуымен бөлек рәсім өткізе алатыны шамаланып отыр.

74 жастағы III Чарльзге тәж кигізу рәсімі Лондондағы Вестминстер аббаттығында 2 мың адамның қатысуымен 6 мамыр күні өтеді. Іс-шараға Бельгия, Венгрия, Ирландия, Испания, Монако, Франция, Жапония басшылары, Еуропалық Одақ басшылары және Шотландияның жаңа бірінші министрі Хамза Юсaф шақырылды.


Соңғы жаңалықтар