III Baikonyr SFF байқауына қатысатын фильмдер анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтетін III Baikonyr Short Film Festival қысқаметражды фильмдер байқауының бағдарламасына қатысатындар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау іріктеуінен 195 фильмнің 47-сі өткен. Оның ішінде деректі, ойын түріндегі  фильмдер мен анимациялық жұмыстар бар. Сайыскерлер кинотанушы Ержан Жұмабеков пен киносыншы Кәрім Қадырбаевтың іріктеуінен өтті.

III Baikonyr SFF қатысатын туындылар 3 санатқа бөлінген. Ойын түріндегі фильм секциясына 27 картина ұсынылса, анимациялық фильмдер - 11 , деректі фильмдер саны - 9.  Фестивальға негізінен көпшілікке әлі танылып үлгермеген жас режиссерлердің жұмыстары қатыстырылуда. Есесіне, қазылар алқасының құрамы айтарлықтай ауқымды.

Актер, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай, актриса және продюсер Баян Алагөзова, Өзбекстанның Жас кинематографшылары кеңесінің төрағасы Ойбек Абдушукуров, актриса Аружан Жазылбекова және кино саласындағы өзге де тұлғалар фильмдердің бағасын бермек.

Комиссия төрайымы кинотанушы әрі сыншы Қырғызстан Кинематографшылары одағының мүшесі Гулбара Толомушова.

Биыл жеңімпаздар 13 аталым  бойынша марапатталады. Атап айтқанда, гран-при, «Үздік режиссер», «Үздік таспагер», «Үздік қоюшы-суретші», «Үздік сценарий», «Үздік эскперименттік фильм», «Үздік деректі фильм», «Үздік анимациялық фильм», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік дыбыс», «Бродвей» таңдауы», «Қазылардың арнайы сыйлығы».

Байқау шымылдығы Жаннат Алшановтың «Мезгіл соңы» фильмімен ашылады. Бұл фильм 71-ші Канн кинофестивалінің қысқаметражды фильмдер байқауына қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар