ІІІ Алматы марафонын ұйымдастырушылар «Дом» қайырымдылық үйіне 10 млн. теңге тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы марафонын ұйымдастырушылар «Дом» қайырымдылық үйіне 10 млн. теңге табыстады.

«20 сәуірде Алматыда өткен ІІІ марафон қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылған еді. Қазір жиналған қаржы 10 млн теңгені құрады. Бұл сома мидың қатерлі ісігіне шалдыққан Дарина Ликті, көз торының ісігіне шалдыққан Артем Кузнецовты емдеуге жұмсалады», - деді ұйымдастырушылар.

«Алматы марафонын ұйымдастырудың мақсаты да ауыр дертке шалдыққан балаларды емдеуге қаржылай көмек көрсету болатын. Ол әр адамның қайырымдылық ісіне өзінің титтей де болса үлесін тигізуге, мұқтаж жандардың жағдайына қоғамның назарын аударуға мүмкіндік берді», - деді ІІІ Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы І Алматы марафонының арқасында 292 505 теңге жиналып, сал ауруына шалдыққан сәбилерді емдеуге жұмсалған болатын. Ал, 2013 жылы 2 752 100 теңге «АРДИ» қорына аударылып, сал ауруына шалдыққан балалар акваторийін жабдықтауға бағытталды.

Соңғы жаңалықтар