ІІД басшысы Алматыдағы криминогендік жағдай мен Денис Теннің қазасына пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматы ІІД басшысы Серік Күдебаев Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы марқұм Денис Теннің қазасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оның туыстарына көңіл айтамын. Бұл жағдай кездейсоқ болды ма, жоқ па, ол жағын айта алмаймын. Бұл біздің жұмысымыздағы кемшіліктердің кесірінен болуы әбден мүмкін. Мен ол кезде демалыста болдым. Бірақ оқиғадан хабар алысымен дереу жұмысқа оралып, қылмыскерлерді таптық. Мен Алматы керемет қала деп есептеймін. Біз осы жағдайдан кейін де шаһарды адамдар үшін қауіпсіз етуге тырысамыз. Бұл мақсатқа бюджеттен бөлінген қаржының шығыны туралы есепті де бере аламыз»,-деді Серік Күдебаев IT индустриясы өкілдерімен «Қауіпсіздікті цифрландыру» тақырыбында өтіп жатқан сессияда.

Алматы ІІД бастығының сөзінше, қылмысты ашу жөнінен статистикалық көрсеткіш біршама жақсарған.

«Алматыда 5 жыл бұрын 10 қылмыстың біреуі ашылса, қазір де 10-ның 9-ы түбегейлі зерттеледі. Демек қылмысты анықтауда артта қалушылық жоқ»,-деді ол.

Еске сала кетсек, Денис Тен 19 шілде күні қаза болды. Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында қылмыстық істің үстінен түскен спортшыны ұрылар пышақтап кетті. Спортшының өлтірді деп айыпталған Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов тұтқындалды. Денис Теннің өліміне кінәлілер өмір бойына абақтыға жабылмақ.

null 

Соңғы жаңалықтар