ІІ топтағы мүгедек жан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жиһаз цехын ашып, шаруасын дөңгелетіп отыр - Шымкент

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын ІІ топтағы мүгедек Ұлболсын Рүстемова «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында жиһаз шығаратын цех ашып, өзгелерге де жұмыс орнын ашты.

Өз ісін бастау үшін ол «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 8 млн теңге көлемінде несие алған.

«Бұрын медбике болып жұмыс істегенмін. Екінші топтағы мүгедек болғаннан кейін жұмыссыз қалдым. Мемлекет өз ісін бастау мүмкіндік беріп отырғанын естіп, оны жібермеуге тырыстым. Несие алып, цех ашып отырмын. Енді әрі қарай өскім келеді», - деп хабарлады Ұлболсын Рүстемова. Ұлболсынның бизнесі жемісін берді. Енді оның несиесін төлеп қана қоймай, өз ісін кеңейтуге жол ашты. Өз өнімдері - жұмсақ жиһаз түрлері, асүйге арналған жиһаз сатылатын дүкені ашылды. Қазіргі кезде Ұлболсын 8 жұмысшы алған, олардың орташа жалақысы - 60-70 мың теңге. Жақында Ұлболсын Рүстемова жүн түтетін цехты іске қосуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар