+7 (701) 759 90 19
USD 426.39 EUR 504.16
RUB 5.87 CNY 66.28
Jańalyqtar

Игорь Сон: Токио Олимпиадасына дейін мұндай ауыр салмақты көтерген емеспін

2021 жылғы 25 шілде 16:48
Бөлісіңіз:
Игорь Сон: Токио Олимпиадасына дейін мұндай ауыр салмақты көтерген емеспін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, зілтемірші Игорь Сон жеңістен кейін Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар Балқан Олимпиадасында бес медальға ие болды

Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық зілтемірші Игорь Сон қола медаль жеңіп алды.

Спортшы жарыс кезінде қатты қобалжығанын жасырмады.

«Ойымды жинақтауға тура келді. Қалай уайымдағанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Токиоға дейін осынша салмақ көтерген емеспін. Демек, бұл менің ірі жарыстарда көрсеткен ең жақсы нәтижем. Жаттығу залында қарсыластарды бақылап отырдық.

Басты қарсыласым зілтемірді қисайтып алған кезде де уайымым кете қоймады. Бәрі болуы мүмкін ғой. Мен жұлқа көтеруден жақсымын, серпе көтеруде біраз қиындық бар.

Ал төрешілер есептемей қойған екі мүмкіндікке келер болсақ, екеуінде де шынтағымның қозғалғаны кері әсер етті. Бәрі таза болуы керек.

Рахмет, Қазақстан! Маған қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтамын. Алға, Қазақстан», - деді Сон.



Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT