Игорь Рогов жаңа қызметке тағайындалды
2017 жылғы 14 желтоқсан 12:30

Игорь Рогов жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Игорь Рогов Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорына атқарушы директордың орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылдың 14 желтоқсанында Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорына атқарушы директордың орынбасары болып тағайындалды», деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, 11 желтоқсан күні ол Конституциялық кеңес төрағасы қызметінен босатылған болатын.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры - 2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған елдегі ең ірі коммерциялық емес қор.

Қордың жұмысы талантты жастарды қолдап, әлеуметтік жобаларды және азаматтық бастамаларды дамыту, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті аналитикалық-сараптамалық орталықты өркендетуге бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT