Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Игорь Владимирович ЛЕПЕХА 1962 жылы 20 қарашада

Қарағанды облысында дүниеге келді. Қарағанды политехникалық институтын, РФ ІІМ академиясын бітірген. 1986-1987 жылдары – Қарағанды облысының Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің аға нұсқаушысы. 1987-1988 жылдары – Қарағанды облысы Гагарин ауданы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1988-1990 жылдары – Қарағанды облысы Абай қаласы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1990-1993 жылдары – РФ ІІМ академиясының тыңдаушысы. 1993-1997 жылдары – Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының торуыл полициясы басқармасының бастығы. 1998-2005 жылдары – Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция қызметінің бастығы, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы. 2005-2009 жылдары – Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары. 2009-2011 жылдары – ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары. 2011-2018 жылдары – ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Штаб-департаментінің бастығы.

2020 жылдың науырызынан бері ҚР Ішкі істер министрлігі аппаратының жетекшісі болды.

Соңғы жаңалықтар