Игорь Крутой Астана әкімімен достығын жоғары бағалайтындығын мойындады

None
None
АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат - Ресейдің халық әртісі, танымал композитор Игорь Крутой астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен достығын аса жоғары бағалайтындығын мойындады.

Жексенбі күні өткізілген баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере келе ол «қаламақы ең басты мәселе емес. Мен сіздің қалаларыңыздың мэрі Иманғали Нұрғалиұлымен достық қарым-қатынастамын. Мен үшін бұл қарым-қатынас қаламақы көлеміне қарағанда анағұрлым маңызды», деп атап өтті.

Сонымен қатар И.Крутой БАҚ өкілдерімен елоралық тыңдармандар туралы да ой бөлісті. Оның атап өтуінше, осындай тамаша көрермендердің арқасына концерттері өте сәтті өтеді.

Соңғы жаңалықтар