Ига Швентек үшінші рет Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Поляк теннисшісі Франция ашық чемпионатының финалында дүниежүзілік рейтингте 43-орында тұрған чехиялық Каролина Муховамен шеберлік байқасты.

Ига матч басталысымен бірден алға кетті – 3:0. Сет біткенше сол басымдылығынан айырылған жоқ.

Екінші партия да солай аяқталатындай көрінген – 3:0. Алайда К.Мухова таразы басын теңестіріп қана қоймай, екінші рет сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 7:5.

Содан кейін үшінші, шешуші сетте брейкпен алға шықты – 2:0. Дегенмен әлемнің бірінші ракеткасы қарап қалмады – 4:4. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.

Екі сағат 46 минутқа созылған аса тартысты бәсеке барысында И.Швентек 1 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Қарсыласы 6 эйс, 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, И.Швентек үшінші рет Ролан Гаррос жарысында үздік шықты. Бұған дейін ол 2020 және 2022 жылы жеңімпаз атанған еді. Бұл – сондай-ақ өткен жылғы АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісін қосқанда, «Үлкен дулыға» додаларындағы төртінші титулы.

Биылғы Ролан Гаррос Каролина Мухова үшін де табысты болды. Ол финалға дейін жетуінің нәтижесінде алдағы дүйсенбіде әлемдік рейтингте 16-орынға көтеріледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Новак Джоковичтің жетінші рет Ролан Гаррос турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті.

Қазақстанның кішкентай теннисшілері Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Заңғар Нұрланұлы Армениядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар