IFFHS рейтингі: «Астана» әлемнің үздік 70 клубының құрамына кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) әлемнің футбол клубтарының рейтингін жаңартты. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, «Астана» үздік 70-ке кірсе, «Қайрат» 181-орынға төмендеген, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 129-шы орыннан 66-орынға көтеріліп, испаниялық «Валенсиямен» бір орында тұр. «Қайрат» 157-орыннан 181-орынға түскен. IFFHS рейтингінде басқа Қазақстан өкілдері жоқ.

ТМД елдерінің арасында «Астанадан» жоғары тұрған клубтардың арасында тек екі украиналық команда бар - «Динамо» мен «Шахтер». 2018 жылы мадридтік «Атлетико» үздік клуб деп танылды. Алғашқы бестікке «Реал», «Зальцбург», «Барселона» және «Ювентус» кірген.

Соңғы жаңалықтар