Иерусалимдегі синагога маңында теракт жасалып, 7 адам қаза тапты

None
ТЕЛЬ-АВИВ. ТАСС – ҚазАқпарат – Жұма күні Шығыс Иерусалимдегі Неве-Яаков ауданында синагога жанында террористік акт ұйымдастырылып, 7 адам қаза тапты. Аталған мәліметтерді Израиль полициясының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Иерусалимдегі террористік акт: бүгін кешкісін жергілікті уақыт бойынша сағат 20-30-дар шамасында террорист Иерусалимде Неве-Яаков бульварындағы синагогаға келіп, жақын арадағы адамдарға оқ жаудырған. Полиция бірден оқиға орнына жетіп, террористің орналасқан жерін анықтап, оған қарай оқ атты. Террорист қолға түсті»,-делінген полицияның Twitter парақшасындағы хабарламада.

«Еш кінәсі жоқ 7 адам мерт болды, көптеген адам жарақат алды»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін The Jerusalem Post пен израильдің өзге де басылымдары 8 адамның қаза тапқаны туралы хабарлады.

Полиция болған оқиғаны теракт деп бағалады.


Фото - ВВС


Соңғы жаңалықтар