Иерусалимде екі жарылыс болды

None
ТЕЛЬ-АВИВ. ТАСС-ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Иерусалимде екі жарылыс болып, 14 адам жарақат алды. Екі лаңкестік әрекет нұсқасы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Иерусалимде екі теракті болды деген күдік бар – бүгін таңертең 07:00-де Гиват-Шауль қиылысында автобус аялдамасында жарылғыш құрылғы іске қосылып, 11 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Жарты сағаттан кейін Рамот қиылысындағы автобус аялдамасында тағы бір жарылыс болған. Үш адам жеңіл жарақат алды», - делінген полиция мәлімдемесінде.

Оқиға орнына полиция күші келіп, оқиғаны тексеруге кірісті.

Өз кезегінде Иерусалим мэрінің орынбасары Флёр Хасан-Наум 18 адамның жарақат алғанын айтып, оқиғаны лаңкестік әрекет деп атады.

Фото: newsru.co.il


Соңғы жаңалықтар