ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Иен дауылына байланысты Флорида тұрғындары эвакуацияланды

2022 жылғы 29 қыркүйек, 18:06
Иен дауылына байланысты Флорида тұрғындары эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Иен» дауылы Флоридаға жетті. Түбек аумағымен жылжып келе жатқан дауылдың күші төртінші деңгейден екіншіге бәсеңдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

АҚШ-тың дауылдарды бақылау жөніндегі ұлттық орталығының мәліметінше, дүлей апат аумағындағы желдің екпіні шамамен 42 м/с құрайды, кей жерлерде 70 м/с жеткен.

Ұлттық метеорология қызметі «апатты» теңіз дауылы мен торнадо туралы ескертті.

Флориданың 2,5 миллионға жуық тұрғыны эвакуацияланды. 600 мыңға жуық үй мен кәсіпорында электр қуаты сөндірілгені хабарланды.

Дауыл солтүстік-шығысқа қарай 13 км/сағ жылдамдықпен жылжып келеді.

Америка БАҚ-тары «Иен» дауылы Флориданың батыс жағалауында бұған дейін болған ең қуатты дауылмен пара-пар екенін айтуда: қазіргі желдің күші 2004 жылы «Чарли» дауылы кезінде соққан желмен тең.

Метеорологтардың болжамы бойынша, «Иен» АҚШ-та 6 қазанға дейін соғады.


Фото: ru.euronews.com


Теги:
АҚШ   Оқиға   Әлем  
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar