Ибрагимович пен Руни Головкиннің жекпе-жегіне барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қыркүйекте Лондонда жартылай орта салмақта IBF бойынша әлем чемпионы Келл Брукпен жекпе-жек өткізетін жерлесіміз, орта салмақта IBF/IBO/WBA/WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қолдаушы жанкүйерлері аз емес.

Головкинге жанкүйерлік ететін «Манчестер Юнайтед» футбол командасының шабуылшысы Уэйн Руни мен «Манчестер Юнайтед» командасының тағы бір шабуылшысы Златан Ибрагимович өздерінің дәл сол күні «Манчестер Ситиді» қабылдайтынына қарамастан, матч аяқталысымен Лондонға, үлкен бокс кешіне бармақ ниетте екендіктерін айтты, деп жазады Championat.

Бұған дейін бұл басылым Головкин-Брук жекпе-жегін қыркүйек айында жанкүйерлер асыға күтіп отырған кездесу екендігін жазған болатын.

Соңғы жаңалықтар