+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Ибрагим Жанғоразов 83 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

2020 жылғы 16 қаңтар 11:34
Бөлісіңіз:
Ибрагим Жанғоразов 83 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Социалистік Еңбек Ері, Ақмола облысы мен Аршалы ауданының құрметті азаматы Ибрагим Жанғоразов 83 жасқа қараған шағында 15 қаңтар күні дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Ибрагим Дәуітұлы 1937 жылдың 19 шілдесінде туған. Қырық жылдан астам уақыт бойы республикамыздың құс өсіру саласының көш басындағы ұжымды басқарып келді. Одан басқа, «Ижевский» ӨК - өңірдегі бидай өндірудің флагманы, кәсіпорын мал шаруашылығымен танымал болған.

Ибрагим Дәуітұлы еліміздің, Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Бар өмірін аграрлы салаға арнаған ол нарықтық экономика жағдайында өнімділігі жоғары кәсіпорын ұйымдастыруда үлкен жетістіктерге жетті.

Ибрагим Дәуітұлы - Социалистік Еңбек Ері, Ақмола облысы мен Аршалы ауданының құрметті азаматы, «Ижевский» ӨК бас директоры, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық академиясының академигі, сондай-ақ, «Парасат», «Отан» тәрізді бірнеше медальдардың иегері. Қазақстанның құс өсірушілер одағының құрметті президенті, Құрметті құс өсіруші, ҚР Еңбегі сіңген ауыл шаруашылығы қызметкері, И.Бараев атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

«Ол - еліміздің және Ақмола облысының мақтанышы» дейді облыстық ішкі саясат басқармасындағылар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT