IBO Геннадий Головкинді әлем чемпионы рейтингіне қайта қосты

2023 жылғы 15 наурыз, 22:35
IBO Геннадий Головкинді әлем чемпионы рейтингіне қайта қосты Фото: Getty Images

АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс ұйымы (IBO) жаңартылған рейтингіні жариялады. Онда қазақстандық Геннадий Головкин әлі де орта салмақта әлем чемпионы қатарында тұр. ҚазАқпарат бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Головкин IBO-ның ең белді чемпиондарының бірі. Тіпті 40 жасқа келген қазіргі кезде де, 42-2-1 рекордымен және көптеген тарихи бокс кештеріне қатысқаннан кейін, ол орта салмақтағы әлем чемпионы белдігіне абыроймен ие болып отыр», - делінген IBO хабарламасында.

Еске салайық, Геннадий Головкин IBF және WBA Super нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан және міндетті жекпе-жектерді өткізуден бас тартқан болатын.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar