IBA Сәкен Бибосыновтың әлем чемпионатындағы жеңілісіне ресми түсінік берді

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық бокс федерациясы (IBA) Ташкенттегі әлем чемпионатында болған Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов пен үндістандық Дипак Кумар арасындағы жекпе-жек шешіміне жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, С.Бибосынов (51 келі) Д.Кумарға ұпай саны бойынша есе жіберген еді. Кейін Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлёвтің атына төрешілер шешіміне қатысты ресми шағым жолдады.

«Үндістандық Дипак 51 келі салмақта әлемнің бірінші чемпионы қазақстандық Сәкен Бибосыновпен жекпе-жекте ең үлкен апсет жасап, жеңіске жетті.

Үшінші раунд шешуші болды. Мұнда Бибосынов қабағының жарылуына байланысты өзін жақсы жағынан көрсете алмады.

Нәтижесінде төрешілер жеңісті 3:2 есебімен Дипактың пайдасына жазды. Бұдан кейін бақылаушы мен бағалау жөніндегі сарапшы жекпе-жекті қайта қарап шығып, төрешілердің әртүрлі шешімімен үндістандық боксшы – 5:2 (қайта қаралғаннан кейін 2:0) есебімен келесі кезеңге өткенімен келісті.

Дипактың ең жоғары жетістігі – 2019 жылғы Азия чемпионатындағы күміс медаль. Бірақ ол осы жарыста ең жақсы жекпе-жегін өткізді. Оның ендігі келесі қарсыласы Тәжікстаннан келген Мехроб Хамидовты сенімді және үлкен артықшылықпен жеңген – қытайлық боксшы Цзямао Чжан», - деп жазады IBA.


Соңғы жаңалықтар