І жартыжылдықта елімізде 4 мыңға жуық адам бас бостандығынан айырылды - Жоғары сот

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл бірінші жартыжылдықта 4 мыңға тарта адам бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметуллин мәлім етті.

«Аудандық және қалалық соттарға 22 302 қылмыстық іс келіп түскен. Ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға аз. Мұндай үрдіс барлық жерде емес, әрине. Жеті аймақта керісінше, олардың саны артуда. Бұл - Астана және Алматы қалалары, Ақмола, БҚО, Қарағанды, СҚО және ОҚО. Жалпы 14 632 адам сотталды, оның ішінде 3 830 адамға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», - дейді А.Рахметуллин.

Оның ақпаратына сәйкес, ақталған азаматтардың саны да артқан. Былтыр олардың саны 219 болса, биыл - 315.

Соңғы жаңалықтар