І-жартыжылдық қорытындысы: Мұнай экспорты 6 пайызға артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде бір айға жететін жанар-жағармай қоры бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев  айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ағымдағы жылдың І-жартысында отын-энергетика саласында оң динамика жалғасын тапты. Мұнай және конденсат өндіру көлемі 45,2 млн тоннаны құрады. Яғни, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайыздан аса өсім көрсетті. Оның ішінде үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 27 миллионнан астам тоннаны құрады. Қашағанда 6,2 млн, Теңізде 14,7 млн және Қарашығанақта 6,3 млн тонна мұнай өндірілді. Мұнай экспортының көлемі 36,5 млн тоннаны құрады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда шамамен 6 пайызға көп», - деді министр.

Оның дерегінше, мұнай өңдеу көлемі 7,7 млн тоннаны құраған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты 5,5 млн тоннаға жуық мұнай өнімдерін шығарып, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайыз өсім көрсетті.

«Бірінші жартыжылдықта мұнай өнімдерінің ішкі нарығы тұрақты және жанар-жағармай тапшылығы болған жоқ. Қазіргі уақытқа дейін ішкі нарық қажет ететін жанар-жағармай қалдықтарының бір айлық қоры сақталуда. 9 шілдедегі жағдай бойынша 361  мың тонна бензин, 246 мың тонна дизель отыны бар»,-  деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар