I'm a singer Kazakhstan байқауының жеңімпазы анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әнші Роман Ким I'm a singer Kazakhstan байқауының екінші маусымында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 желтоқсан күні Роман Ким I'm a singer Kazakhstan 2018 байқауының гранд-финалында Show must go on әнімен топ жарды.

Сахнаға шығар алдында Роман Ким әнші Әли Оқаповпен бірге Батырхан Шүкеновтың әйгілі» Қайран көңіл-ай» әнін орындаған болатын.

Екінші болып Нұрболат Абдуллин орындаушы Ерген Айтымбетовпен бірге үнді тілінде дуэт орындады.

Үшінші қатысушы - Ayree әнші Арай Айдарханмен бірге қазақ тіліндегі «Құсни Қорлан» әнін шырқады.

Айта кетейік, жексенбі күні кешке болған байқау қорытындысында «Еуровидение-2016» жобасының жеңімпазы - Жамала (Украина) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай қазақ тілінде «Самға» әнін орындап берді.

Еске сала кетсек, қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайдағы Singer-2017 байқауында үлкен жетістікке ие болғаннан кейін 31-ші арна I am singer Kazakhstan байқауын өткізе бастаған болатын.  

Автор: Альберт Ахметов

Соңғы жаңалықтар