USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

І, ІІ  тоқсанның оқу  материалдары интернет платформаға енгізіліп қойды - министр

2020 жылғы 14 шілде 12:27
Бөлісіңіз:
І, ІІ  тоқсанның оқу  материалдары интернет платформаға енгізіліп қойды - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашықтан білім беру бойынша видео-сабақтарды түсіру, цифрлық білім беру ресурстарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Білім министрлігі мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктерді атады Қазақ жастары Түркия университетінде діни білім алады Ауылда өнер мектебі ашылды - Алматы облысы

«Интернет платформа туралы да мәселе бар. Интернет платформаны жетілдіру туралы педагогтарды, ата-аналардың ұсыныстарын тыңдадық. Қазіргі уақытта ІТ- компаниялармен келіссөз жүргізіліп, олар интернет платформаны жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр», - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылының бірінші, екінші тоқсаны бойынша оқу материалдары интернет платформаға енгізіліп қойды. Енді осы сабақтар ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін қолжетімді болуы үшін жұмыстар атқарылып жатыр.

«Біз қосымша сурдо-аудармамен қамтамасыз ету, шрифт көлемін ұлғайту туралы айттық. Бұл мәселелер біздің тарапымыздан ескерілді. Видео-сабақтарды түсіру, цифрлық білім беру ресурстарын дайындау жұмыстары жүргізілуде», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT