«I am Singer»-дің 5-кезеңі өтті: Димаш байқауды жалғастыруда

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 5-кезеңінде «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы тілшісі.

«1-орынды Тань Цзин, 2-орынды - Линь Илянь, 3-орынды - Чжан Цзе, 4-орынды - Джастин мен Линь Чжисюань (конкурстың жаңа қатысушылары - авт.), 5-орынды - Димаш, 6-орынды - «Lion» тобы, 7-орынды Чжао Лэй иеленді. Чжао Лэй сайыс бағдарламасынан шығып қалды», - деп хабарлайды Hunan.TV фан-клубы Weibo әлеуметтік желісінде.

4-орынды екі конкурсант бірдей иеленгендіктен, Димаш 5-орынға орналасып отыр. Дегенмен, қытайлық байқаудың әлеуметтік желіге салған кестесінде қазақстандық әншінің 6-орын алғандығы жазылуда, ал 5-орын - бос тұр. Бұл, жағдайды өзгертпейді, Димаш «Singer»-дің келесі - 6-кезеңіне өтеді. 

Бұған дейін, жарыстың 4-кезеңінде Ду Лиш (Тереза) шығып қалған еді.

 

Еске сала кетейік, Астана уақытымен 11 ақпан күні сағат 20.30-да Hunan.TV телеарнасынан «Singer» байқауының 4-кезеңі көрсетіледі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген қытай тіліндегі «Күзгі мұң» әнін акцентсіз айтып, үшінші орын иеленген болатын. 

Конкурстың 5-кезеңі Хунань телеарнасынан 18 ақпан күні көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар