ХВҚ: Қазақстан Үкіметі банктерге зейнетақы қаржысымен көмек бермеуі тиіс

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықарлық валюта қоры Қазақстандағы миссиясының басшысы Марк Хортон қазақстандық банктердің бірігуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазкоммен проблемалар барынша күрделі болуы ықтимал. Өйткені, ол Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі. Өздеріңізде білетіндей, бірнеше жыл бұрын ол БТА банкін сатып алды. Соңғысының Қазақстанда да, шетелде де қызмет көрсетілмейтін кредиттер бойынша қоржыны өте күрделі болатын. Қазкоммерцбанк біз үміт артқандай БТА қоржынындағы проблемаларды шешуде табысқа жете алмады. Иә, Қазкомның өзінің де қоржыны негізінен Алматы төңірегіндегі барынша төлем қабілетті саналмайтын жылжылмайтын мүліктен тұрады»,- деп атап өтті ол қазақстандық журналистердің сауалына орай.

Қазіргі уақытта «Қазақстанның халық банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ арасында әлеуметті мәмілеге қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Алайда, ХВҚ өкілінің айтуынша, Халық банкі БТА банкінің ауырпалығын өзіне ала қойғысы жоқ.

«Сондықтан Қазкоммерцбанкі балансы төңірегіндегі ахуалды реттеу үшін күрделі қаржылық қолдау керек болар. Бұл кредит біз үміт артып отырғандай тарату мақсатына арналған Проблемалы кредиттер қорынан бөлінуі мүмкін. Біздіңше, таратуды барынша жылдам жүргізу қажет. Мүліктер мен активтерді өзіне ала алатын жаңа инвесторлар болуы тиіс. Біз Ұлттық банкпен мұндай операциялардың мүмкіншілікті жолдарын талқыладық. Қазіргі уақытта жоспар әзірленуде, тараптар Қазкоммерцбанктің қоржыны актистеріне қаржылық-заңгерлік аудит жүргізеді. Әзірше біз мәміле туралы соңғы, құрылымдық ақпарат естіген жоқпыз», - деді Хортон.

Осы ретте ол мұндай операциялар жүргізуге қатысты  Халықаралық валюта қоры өзінің пайымын да білдіргенін айтты.

«Акционерлер ең бірінші кезекте өздерінің банктеріне қаржылық ресурстар бөлуі тиіс деп санаймыз. Егер акционерлер ақша қаражатын бөле алмайтын болса, онда мемлекет қаражатына жүгінулеріне тура келеді. Біздіңше, ол Ұлттық банктен немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан емес мемлекеттік бюджеттен бөлінуі қажет», - деді сарапшы.

Сөз соңында Хортон Халықаралық валюта қоры Қазақстанда қандай да бір ауқымдағы банк дағдарысы болмайды деп санайтындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар