ХВҚ инфляциялық таргеттеуді енгізу үшін Қазақстанды қосымша техникалық көмекпен қамтамасыз етеді - Масуд Ахмед

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Масуд Ахмед 2- 4 қыркүйек аралығында Қазақстанға іс-сапармен келді. Сапар барысында ХВҚ өкілі ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов пен ҚР Үкімет басы Кәрім Мәсімовпен кездесті.

«Мен үшін Қазақстанға келу және Премьер-Министр Мәсімовпен, Ұлттық Банк төрағасы Келімбетовпен және өзге жоғары лауазымды мемлекет қызметшілерімен кездесу үлкен қуаныш болды. Біз әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылудан мұнай бағасының арзандауы, Ресей мен Қытайдағы экономикалық баяулауды, және сыртқы әсерлер туралы пікір алмастық. Біз қысқа және орта мерзімді келешектегі даму мен келешектегі күйзелістерге қарсы тұруға қажетті саяси тұрғыдан жауап беру шараларына назар аудардық», - деді Қор өкілі. Екі күнге созылған сапарының қорытындысы ретінде Масуд Ахмед мәлімдеме жариялады. «Аймақтағы басқа да елдер сияқты, Қазақстан үлкен сыртқы күйзелістерден (мұнай бағасы, Ресей және Қытайдағы экономикалық төмендеу) зардап шеккен болатын. Осы күйзелістер аясында, экономикалық өсу күрт баяулады және қаржылық жағдай қатайтылды. Нәтижесінде, өсім ауқымы әлсізденді. Алайда, мені билік органдарының макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті саясатты қолдану туралы шешімдері таң қалдырды», - деді ол. Сарапшының айтуынша, Халықаралық валюта қоры Қазақстанның теңге бағамының еркін ағымға жібергенін толығымен қолдайды. «Осыған байланысты, біз Ұлттық Банктің теңгені құбылмалы етуіндегі әрекетін қолдаймыз. Жаңа ақша-кредит саясатының құралдарымен бірге айырбас бағамының жоғарырақ икемділігі саяси шеңберді жетілдіруге және соңғы екі жылда көтерілген қор буферлеріндегі қысымды азайтуға мүмкіндік береді. Билік органдарына сенімді нығайту қазір аса маңызды болып табылады. Іс жүзінде, олар ашық нарықтық әрекеттердің қолдауымен тиімді жаңа саяси пайыздық мөлшерлемені енгізді. Қаржы бөлімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін біз банк бөлімін қадағалау мен макропруденциалдық саясатты пайдалануды нығайтуға тоқталдық. ХВҚ орта мерзімді келешекте билік органдарының инфляциялық таргеттеуді енгізу мақсатын жүзеге асыру үшін Қазақстанды қосымша техникалық көмекпен қамтамасыз етеді», - деді ХВҚ өкілі. Оның айтуынша, қазіргі салықтық-бюджеттік ынталандыру кешені кенеттен болған экономикалық төмендеуге қарсы қабылданған лайықты шешім. «Бұл әрекеттер нақты құрылымдық реформалардың шешуші жүзеге асыруымен толықтырылуы тиіс. Басым салаларға адами капиталды нығайту, институттарды құру, заң үстемдігін күшейту, қаржылық делдалдықты арттыру, және іскерлік жағдайларды жақсарту кіреді», - деп қорытындылады М.Ахмед.

Соңғы жаңалықтар