ХВҚ бас экономисі Еуразияның экономикалық дамуына болжам жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қорының бас экономисі Морис Обстфельд еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ахуалға қатысты болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық Азия экономикасы Ресейге қарсы салынған санкцияларға байланысты қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Бұған қоса, Қытайда да тұрақсыздық байқалады. 2014 жылы қара алтын құнының өзгеруі мұнай экспорттаушыларды, оның ішінде Қазақстанды да тығырыққа тіреді. Қазіргі уақытта мұнай бағасы қайта қалпына келіп қалды. Егер Еуразия, Еуропа экономикасы жайында айтар болсақ, соңғы тоқсанда белгілі бір баяулау байқалады. Мәселен, Германияда өсімнің баяулағаны байқалып отыр. Ал Шығысқа - Қытайға қарай жолда құлдырау да, өрлеу де бар. Бір алаңдаушылықтың бары анық. Ол таяу тоқсандағы өнімділік өсімімен байланысты», - деді Морис Обстфельд XII Астана экономикалық форумы аясында.

Оның атап өтуінше, алдағы 6 айдың ішінде әлемдік саудада тұрақсыздық сақталатын болады.

«Әрине, сауда үшін инвестиция өте маңызды. Жаһандық экономикадағы өзгерістер толықтай алғанда баяу өсімді көрсетіп отыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар