Huawei компаниясының өкілі Орталық Азия нарығына арналған бұлтты жүйенің құндылығы туралы айтты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Huawei компаниясы Алматыда алғаш рет Huawei ME & CA Tech Carnival 2023 ауқымды іс-шарасын өткізді. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар мен басқа елдерден 480-нен астам клиент пен серіктестер қатысты. Кездесу барысында жаңадан шыққан инновациялық өнімдер, оның ішінде жаңа шешімдер мен Huawei Cloud бұлтты қызметтері таныстырылды.

Huawei Cloud платформасы интернет-компаниялар мен ұйымдарды цифрландыруда маңызды рөл атқарады. Мекемелер Huawei Cloud-пен күш біріктіріп, цифрлық технологияны енгізуді жеделдетіп және жеңілдетіп жатыр. Huawei Cloud-тың Таяу Шығыс пен Орталық Азия аймағындағы консалтинг және шешім қабылдау бойынша вице-президенті Рой Луо «ҚазАқпарат» тілшісіне компания Таяу Шығыс пен Орта Азия елдерінің нарығына қандай ерекше үлес қоса алатыны, «бәрін қызмет ретінде пайдалану» концепциясы туралы, бұлтты платформалар мен Huawei-дің компанияларға ғана емес, өңір үкіметіне де ұсынатын шешімдері туралы әңгімелеп берді.

Huawei өкілі Рой Луо Қытай мен Орта Азия елдері түрлі салада тығыз серіктестік орнатқанын және ол әрі қарай дами беретінін мәлімдеді. Оның сөзінше, бүгінгі күні Huawei алдыңғы қатарлы ақпараттық-коммуникациялық технологияларға ие және осы салада оның мүмкіндігі мол.

Таяу Шығыс пен Орталық Азия нарығына арналған Huawei бұлтты сервисінің құндылығы

Рой Луоның айтуынша, Таяу Шығыс пен Орта Азия елдері шапшаң дамып жатыр.

«Huawei құндылығы мен компанияның бұл нарықтарға не енгізе алатынын біздің бұлтты технологиялар мен телекоммуникациялық технологиялар саласындағы тәжірибеміз анықтайды. Бұлтты технологиялар мен жасанды интеллект саласында біздің 10 жылдан астам тәжірибеміз бар. Бұл екі технология компанияларымызға өзгеруге, нарық жағдайында қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделуге және кәсібіңді тиімді әрі табысты етуге көмектеседі.

Сіздің даму деңгейіңізге қарамастан, бұл технологияның сізге көп көмегі тиеді. Себебі егер сіз табысты компания болсаңыз, кірісіңіз одан да арта түседі. Бұл сіздің ауқымды екеніңізді білдіріп тұр, ал бизнесіңіз ірі болса, ауқымын біртіндеп кеңейту оңай емес. Ол, әсіресе, бизнесіңіздің тиімділігін арттыруға да қатысты. Сол себепті біздің технологиямыз дамыған компаниялардың түбегейлі өзгеруіне, тиімділігін арттыруына көмектеседі», - деп атап өтті Рой Луо.

Сондай-ақ спикер Huawei Орталық Азия компанияларына тезірек өсіп, нарықта үлкен үлеске ие болу, көбірек клиент тартып, табысты арттыру мүмкіндігін ұсынатынын айтты. Оның сөзінше, компанияның цифрлық технологиялары мемлекеттік сектордың да өзгеруіне ықпал етеді.

«Үкіметке де жаңа заман талаптарына сай болып, азаматтардың өмірін қауіпсіз ету үшін даму, жаңа цифрлық қызметтерді, электронды үкімет технологияларын енгізу маңызды. Адамдар қолайлы әрі сапалы қызметті күтеді. Осы үрдісті ескере отырып, біздің компания серіктестермен бірлесіп, мемлекеттік секторға қатысты шешім тапты. Үкіметтік ұйымдар жұмысының тиімділігін және тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін бұлтты есептеу технологиясы, үлкен деректер, жасанды интеллект негізіндегі қызметтерді ұсынады», - деді ол.

Huawei Cloud: бәрі қызмет секілді

«Білім саласын дамытуға қандай үлес қосатынымызға қатысты айта кетсек, Huawei «бәрін қызмет ретінде пайдалану» концепциясын алға тартады. Ол негізінен үш бөліктен тұрады: «инфрақұрылымды қызмет ретінде пайдалану», «технологияны қызмет ретінде пайдалану» және «сараптаманы қызмет ретінде пайдалану». Білім беру «сараптаманы қызмет ретінде пайдалану» бөліміне енеді. Мәселен, сізге қандай да бір жүйені жедел дамыту қажет. Сізде екі нұсқа бар: біріншіден, тәжірибелі адам тауып істетуіңізге болады. Екіншіден, сіз алдыңғы қатарлы бұлтты платформаны қоса аласыз. Ол жерде бұл қызметтерді екі рет шертіп ала аласыз. Қолданбаларды күрделі көшіру, цифрлық трансформация және сол сияқты күрделі амалдарға біз «технологияны қызмет ретінде пайдалану» және «тәжірибені қызмет ретінде пайдалану»-ды ұсынамыз. Онда біз пайдалануға болатын дайын технологиялармен бөлісеміз. Сізге ол технологияны терең зерттеудің қажеті болмайды, алып, пайдалана бересіз, біз сізге қалай пайдалану керегін үйретеміз. «Сараптаманы қызмет ретінде пайдалану» өтпелі консалтингке ұқсайды. Оған біздің цифрлық трансформациямыздың барлық кезеңі – идеядан бастап соңына дейін, жүйе құрылғаннан бастап пайдалануға берілгенге дейін, жүйені қолдауға дейінгі кезең кіреді», - деп атап өтті Рой Луо.


Соңғы жаңалықтар