Huawei Қазақстандағы Android пайдаланушыларына қызмет көрсетуді жалғастырады

None
None
БЕЙЖІҢ-АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы Android тұтынушыларына қызмет көрсетуді жалғастыратынын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Huawei компаниясы Android-тың дүние жүзі бойынша дамуына үлкен еңбек сіңірді. Android-тың негізгі серіктестерінің бірі ретінде біз олардың ашық платформасымен тұтынушыларға, сондай-ақ, тұтас өндіріске қажетті экожүйенің дамуына ықпал етпекшіміз. Компания Huawei мен Honor планшеттері мен смартфондарының қауіпсіздік жүйесі және сатылымнан кейінгі қызмет көрсетулеріне арналған жаңартуларды жеткізуді жалғастыра береді», - делінген Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының Фэйсбуктегі ресми парақшасында.

Компания Huawei-дің дүниежүзіндегі тұтынушылары үшін қауіпсіз және тұрақты бағдарламалар әзірлеуді жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Google басшылығы АҚШ-тың сауда министрлігі қытайлық компанияны қара тізімге енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін Huawei Technologies-пен серіктестіктен бас тартқан болатын.

Бұл өз кезегінде Huawei-дің Android операциялық жүйелеріне ену мүмкіндігінен айрылады дегенді білдіреді, ал смартфондардың келесі серияларында Google Play Store және Gmail қосымшалары болмайды.

Соңғы жаңалықтар