+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Хуан Мануэль Маркес: Егер Головкин-Альварес жекпе-жегі болатын болса, «Канело» «нағыз бомбаның» астында қалады (ВИДЕО)

2016 жылғы 16 мамыр 03:21
Бөлісіңіз:
Хуан Мануэль Маркес: Егер Головкин-Альварес жекпе-жегі болатын болса, «Канело» «нағыз бомбаның» астында қалады (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі болса, онда «Канело» нағыз бомбаның» астында қалады, деп санайды аңызға айналған мексикандық боксшы Хуан Мануэль Маркес.

Бұл туралы GGG тобының ВКонтакте әлеуметтік желісінде хабарланған.

Еске сала кетейік, нақ осы Х.Маркес 2012 жылы әлемдік бокстегі супержұлдыз Мэнни Пакьяоны ең ауыр нокаутқа жіберген болатын. Көптеген БАҚ бұл жекпе-жекті «жыл ұрысы», мексикандықтың нокаутын «жыл нокауты» деп атаған болатын. Филиппиндік М.Пакьяо осы ұтылыстан кейін бір жылға дерлік уақыт рингіге шыға алмай қалған еді.

«Альварес - көп қозғалмайтын боксшы. Ол қарсыласының алдында тұрып алады да корпуспен қорғаныс қозғалысын пайдаланады. Головкин тікелей шабуылға шығып, қарсыласына қарай қарсы жүреді. Альварес үшін бұл оның техникалық дағдыларына елеулі сын болады», - деп санайды сарапшы.

Оның айтуынша, Геннадий Головкин корпуспен көп қозғалмайды, шабуылмен әрекет етеді.

«Әрине, «Канелоға бұл кеште нағыз бомба жауады. «Канело» үнемі өзін ортада ұстап, арқанға қысып тастауына жол бермеуі тиіс. Сондай-ақ ол солға және оңға орын ауыстырып отыруы тиіс, «әйтпесе бір орыннан GGG-нің қозғалмайтын нысанасына айналуы мүмкін. Сауль комбинациялар қолданып, соққыдан арақашықтықты сақтай білуі қажет, бұл оның қолынан келеді. Головкин бұл ұрыста комбинациялармен әрекет етуі тиіс. Оны күтуге болады. Қазақстандық өзінің ұрыстарымен және нокауттарымен осындай ұрыстарда фаворитке айналды», - деп атап өтеді Х.Маркес.

Кейбір мәліметтерге қарағанда Головкин-Альварес көптен күткен ойыны қыркүйекте болмақ. Ұрыс болатын күн жөнінде екі тараптан да әзірге ресми қуаттау түскен жоқ. Промоутерлері жоспарланып отырған Головкин-Альварес жекпе-жегі туралы ресми қуаттау жасаған жоқ.

Дегенмен Головкин орта салмақта жеңілмеген боксшы. Өзінің шалт қимылымен және белсенді алға жылжуымен қарсыласын бұқтырып тастайды.

С.Альваресте қазіргі кезде осы кездесудіңң бірнеше уақытша нұсқасы бар. Бірақ та ол осы жекпе-жекте барын ортаға салуы тиіс.

Головкин бүгінде WBA, IBO, WBC (Interim) және IBF белбеулерінің иесі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT