Хруничев орталығы: Байқоңырдан 2023 жылға дейін «Протонды» бес рет ұшыру келісімшартына қол қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - М.В.Хруничев атындағы Ғарыш орталығының еншілес компаниясы - International Launch Services (ILS) пен спутниктік байланыс қызметтерінің жетекші әлемдік операторы болып табылатын Intelsat арасында Байқоңырдан 2023 жылға дейінгі кезеңге «Протон» зымыран-тасығышын (ЗТ) бес рет ұшыру келісімшартына қол қойылды.

Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа келісімшарт Intelsat компаниясына өзінің орбиталық тобын басқаруда қажетті икемділігі мен ұшыру кестесін іске асырудың талап етілетін кепілдіктерін қамтамасыз етуге арналған.

Спутниктерді «Протон-М» ЗТ-ның құрамында мақсатты орбитаға шығару үшін «Бриз-М» жүрдек блогы (ЖБ) қолданылады. Ауыр кластағы «Протон-М» ЗТ мен «Бриз-М» ЖБ жасалып, «М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығында» топтамамен шығарылуда.

Соңғы жаңалықтар