Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

Храпуновтар отбасының ісі Алматыда қаралатын болды

2018 жылғы 13 шілде 18:37 209
Бөлісіңіз:
Храпуновтар отбасының ісі Алматыда қаралатын болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Храпуновтар Алматыда сот алдында жауап беретін болады. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада полицейге сыйақы берген азамат жазаға тартылды Түркістан облысында пәтерлерді тонаумен айналысқан күдікті ұсталды

Қалалық прокуратура қазір Виктор мен Лейла Храпуновалардың, А.Ильясовтың және 9 тұлғаға қатысты істі сотқа жіберді.

«Храпуновтар мен Ильясовтың Қазақстанда болмауына және олардың прокуратураға келмеуіне  байланысты айыптау актісінің көшірмесі олардың қорғаушыларына берілді», - деді қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Биыл 15 және 27 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы айыпталушылардың іс-әрекетіне баға беру үшін келу міндетті екендігін хабарлаған болатын.

Алайда олар белгіленген уақытта келмеген.

«Бұл тұлғалар мемлекет мүлкін тонау, алаяқтық, қызметтік лауазымын асыра пайдалану, пара алу, тоналған мүлікті заңдастыру бойынша айыпталған. Мемлекетке 250 млн АҚШ доллары көлемінде шығын келтірілген. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 335-бабы бойынша, Қазақстанда қылмыстық істе сотталушы жоқ болған жағдайда әрі келмегенде, сот процесі сотталушысыз өтеді», - деді баспасөз қызметінен.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT