Храпунов және басқаларына қатысты қылмыстық іс сотқа түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Храпунов және басқаларына қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына мемлекеттік меншікті ұрлау, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, алаяқтық, лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану, пара алу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырумен айыпталған ұйымдасқан топ В.Храпунов, Л.Храпунова, А.Ильясовқа және тоғыз тұлғаға қатысты қылмыстық іс түсті.

 Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 355-бабына сәйкес сот қылмыстық істі сотталушының қатыспауынсыз қарауға, егерде ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс не болмаса сотқа келуден бас тартса құқылы», - делінген Алматы қалалық соты таратхан хабарламада.

Сотталушы В.Храпунов, Л.Храпунова және А.Ильясовқа сырттай қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданған.

2018 жылғы 17 шілде қылмыстық іс сот өндірісіне қабылданып, іс бойынша алдын ала тындау 26 шілдеге белгіленді.

Соңғы жаңалықтар