+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

«Ховар» Тәжікстан агенттігі ҚазАқпаратты ғасырлық мерейтойымен құттықтады

2020 жылғы 14 тамыз 12:02
Бөлісіңіз:
«Ховар» Тәжікстан агенттігі ҚазАқпаратты ғасырлық мерейтойымен құттықтады

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – «Ховар» Тәжікстан ұлттық ақпарат агенттігінің басшысы Саидали Сиддика «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы мен басшылығын 100 жылдық мерейтоймен құттықтады.

«Ховар» Тәжікстан ұлттық ақпарат агенттігінің және өзімнің атымнан Сізді және «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің бүкіл ұжымын аймақтағы ең ірі жаңалықтар агенттіктерінің бірі ретінде құрылғанына 100 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

«ҚазАқпарат ХАА – Тәжікстанмен достық қатынастағы Қазақстанның өткені мен бүгінгі күнінің тікелей куәгері әрі қажымас хронологы ғана емес, Сіздердің еліңіздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің белсенді қатысушысы, екі ұлы тұлға – Ұлт көшбасшысы Эмомали Рахмон мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы бауырлас қатынастардың айнасы болып саналады.

Сіздерді бұл айтулы күнмен тағы құттықтап, Сізге және ұжымыңызға жаңа шығармашылық табыстар, денсаулық және бақыт тілеймін!», - делінген құттықтауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT