Хот-дог жеп жарысқан павлодарлық бір ай бойы тегін тамақтанады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қала күніне орай төменгі жағалауда ерекше жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жергілікті кәсіпкер Алексей Мазурдың айтуынша, жеңімпазға басты сыйлық ретінде бір ай бойы тегін тамақтану мүмкіндігі ұсынылады.

«Үш минуттың ішінде ең көп хот-дог жеп үлгеру керек. Бұған дейін басқа да кішігірім шаралар өткізген болатынбыз. Бүгін қалаға сыйлық жасауды жөн көрдік. Тұрғындарға ұнап жатса, алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз. Сондықтан жағалауда ретро стильде жаңа жылдам тамақтанатын нүкте аштық», – дейді кәсіпкер Алексей Мазур.

Павлодар қаласы ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Еркін Ескендіров атап өткендей, 2013 жылы кәсіпкерлік бөлімге жеке кәсіпкер ағашқы павильон орнату үшін жер учаскесін алуға келген.

«Қазіргі таңда Павлодар қаласында сегіз нүктесі бар. Бұл осымен іске қосылып отырған тоғызыншы орын. Жоба аясында 40 шақты жұмыс орны ашылды. Әрі қарай жұмысын жалғастыруда,- дейді бөлім басшысы.

Байқаудың нәтижесінде он адамның ішінде он алты хот-догтың тоғызын тауысқан Жандос Төкіш жеңімпаз атанды.

«Арнайы дайындалған жоқпын. Хот-догты жақсы көремін. Бүгін түсте жақсылап тамақ ішіп шыққанмын. Бір ай бойы тегін тамақ ішетінім қызық болды. Инстаграм арқылы қатыстым. Мұндай жарысқа бірінші рет қатысып отырмын. Жұбайым мен балаларым, әпкелерім қолдауға келді, - дейді 24 жастағы Жандос Төкіш.


Соңғы жаңалықтар