Хорватиялық футболшылар ӘЧ-дағы табысын қайырымдылыққа беретіні жалған болып шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Хорватия ұлттық құрамасының мүшелері 2018 жылғы Әлем чемпионатынан тапқан табыстарын түгел қайырымдылыққа аударатыны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, Хорватия ұлттық құрамасы мундиальдан алған сыйақыларын қайырымдылыққа аударатыны туралы айтылған болатын. Бұл туралы хорватиялықтардың бас бапкері Златко Далич Фейсбукте жазды.

Бірақ кейіннен анықталғандай, Златко Далич бұл ақпараттан хабардарсыз болып шықты. Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Фейсбуктегі хатты З.Даличтің атынан хорватиялық журналист Игор Примужичке жазған.

Журналистің өзі Фейсбуктегі парақшасында хатқа бапкердің ешқандай қатысы жоқ екенін, оны елдегі ахуалға жаны ашитын отансүйгіш ретінде көз алдына елестетіп, өзі жазып шыққанын мәлімдеді.

Бірақ Хорватия ұлттық құрамасының бас бапкері Златко Далич бұған қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар