Хорватиядағы Корчула аралында Нұр-Сұлтан қаласы құрметіне зәйтүн ағашы отырғызылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хорватиядағы Корчула аралында Халықаралық «Марко Поло» арт-фестивалі аясында Қазақстанның поэзия, музыка және киноөнер күндері табысты өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға Хорватия Мәдениет министрлігінің және Корчула қаласының мэриясының басшылығы, Әзербайжан, Израиль, Индонезия, Иран, Қазақстан, Корея, Түркия елшілері, Қытай, Үндістан, Черногория өкілдері, сондай-ақ әлемнің түрлі елдерінен келген қонақтар мен туристер қатысты.

Фестивальдің ашылуы Корчула қаласындағы Бейбітшілік Бақшасында ағаш отырғызудың символикалық акциясымен аталып өтті. Қазақстанның елшісі Төлежан Барлыбаев Қазақстан елордасының құрметіне «Нұр-Сұлтан» зәйтүн ағаштың көшетін отырғызды. Салтанатты рәсім барысында дипломат Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның қазіргі заманды, прогресті және болашағын бейнелейтіндігін атап өтті. Корчула қаласының мэрі Андрия Фабрис Ұлы даланың көшпелі халықтарының тілін, дәстүрлері мен мәдениетін жақсы білетін саяхатшы Марко Полоның мұрасының сабақтастығын атап өтті.

«Әлем Поэзиясы» әдеби кешінде фестиваль қатысушылары Хорват өнертанушы, профессор Сибила Петлевскидің поэтикалық аудармасындағы және көркем оқуларындағы қазақ жазушыларының шығармашылығымен танысты. Кеш барысында Веналық музыка университетінен арнайы шақырылған қазақ классикалық «Жаным сол» дуэтінің орындауында әсем әуен шырқалды. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың хорват тілінде алғаш рет шығарылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері үлкен қызығушылық тудырды.

Қазақстанның заманауи киносы «Марко Поло» арт-фестивалінде еліміздің жетекші режиссерлері Ақан Сатаев пен Ермек Тұрсыновтың картиналармен көрсетілген болатын. Хорват тіліне аударылған танымал «Жаужүрек Мың Бала» және «Келін» кинофильмдері көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Соңғы жаңалықтар