Хорватияда президент сайлауы өтуде

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Хорватияда президент сайлауы өтіп жатыр.

Қазіргі президент Иво Йосиповичтен басқа, сайлауға бұрынғы сыртқы істер министрі әрі «Хорватиялық демократиялық достастық» оппозициялық партиясының мүшесі Колинда Грабар-Китарович, «Хорватиялық таң» құқықтық-радикалдық партиясының көшбасшысы Милан Куюнджич, сондай-ақ «Жанды қорған» еуроскептикалық қозғалысының белсендісі Иван Синчич қатысуда.

Жақында жүргізілген сауалнама қорытындылары бойынша, қазіргі президентті электораттың шамамен 46,5 пайызы қолдап отыр. Оның жақын қарсыласы Колинда Грабар-Китарович ел тұрғындарының 34,9 пайызының қолдауына сүйене алады. Хорватия президенті дауыс берудің мажоритарлық жүйесі бойынша бес жылдық мерзімге сайланады, бір адам бұл қызметке екі реттен көп сайлана алмайды. Мемлекет басшысы болып сайлаудың бірінші кезеңінде 50 пайыздан астам дауысқа ие болғаны немесе екінші кезеңге іріктелген екі үміткер өткен соң соның ең көп дауыс жинағаны сайланады. Сайлаудың екінші кезеңі, егер қажет болса, 2015 жылдың 11 қаңтарында өтеді.

Соңғы жаңалықтар