Хорватияда қажылар мінген автобус апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хорватияның солтүстік-батысында автобус апатқа түсіп, одан12 адам қаза тауып, 30-дан астамы жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат поляк БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Вараждин мен Загреб қалаларының арасындағы күре жолында орын алған. Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салонда 42 жолаушы мен екі жүргізуші болған.

Польша Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, автобустағы адамдар Босния және Герцеговинадағы Меджугорье қаласында орналасқан храмға қажылық жасауға бара жатқан.

Меджугорье - Босния және Герцеговинадағы шағын елді мекен, ол бүкіл 1 миллионға жуық христиандардың жыл сайынғы қажы орталығы.

Польша мен Хорватияның премьер-министрлері мен сыртқы істер министрлері қайғылы оқиғаны талқылады.

Хорватияның төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Майя Грба Буевич зардап шеккен 30 адамның 18-і жергілікті ауруханаларға жеткізілгенін, олардың жағдайы ауыр екенін мәлім етті.

Оқиға орнына 16 жедел жәрдем көлігі жіберілген.


Фото: polskieradio.pl



Соңғы жаңалықтар