Хореография саласында мектептерге арнайы бағдарлама әзірленеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хореография саласында Қазақстанның барлық жалпыға білім беру мектептері үшін арнайы бағдарламаны әзірленеді. Бұл туралы «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ мен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Дербес білім беру ұйымының арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалу кезінде мәлім етілді.

Академия ректоры  - Алтынай Асылмұратова объектінің бірегейлігі, балаларды хореография өнеріне оқыту үрдісі жөнінде атап өтті. Өз кезегінде басқарма төрайымы - Күләш Шәмшидинова екі оқу орнының үйлесу шеңберін, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жобалары туралы айтып өтті.

Келіссөздер барысында өзара ынтымақтастықтың келесі бағыттары атап көрсетілді: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ мұғалімдерді кәсіби дамыту, білім беру мазмұнын жаңарту саласындағы тәжірибені көрсету, Академияның басшылары мен педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру; тәжірибе мен білім алмастыру, сондай-ақ кітапхана қорын жаңарту және кітапханашылардың инновациялық жұмысы саласындағы ынтымақтастық.

Қазақ ұлттық хореография академиясының жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары Педагогикалық шеберлік орталығы базасында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің хореографтары академияда шеберлік кластарына қатысады.

Бұдан басқа, тараптар хореография саласында Қазақстанның барлық жалпыға білім беру мектептері үшін арнайы бағдарламаны әзірлеуді шешті. Сондай-ақ 2017 жылғы 12 сәуірде Назарбаев Зияткерлік мектептерімен, «Жасұлан»республикалық мектебімен және Қазақ ұлттық хореография академиясымен «Кітап сыйлау күні» бірлескен акциясын өткізуге шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар